Бұл жайлы спортшының өзі Аssel melik Ютуб арнасына берген сұхбатында тарқатып айтып берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
- Исламды қабылдағым келетінін әкеме айттым. Рамазан айының бірінші күні болатын. Кәлима айтып, қабылдадым. Отбасым бәрі қуанды. Ортам, айналам бәрі ислам дінінде. Оларға қызығатынмын. Құран сүрелерін жатқа білетін. Анам әр сүре жаттағанда, сыйлық беріп қызықтырып отырды. Ата-анам 19 жылдан бері дінге толықтай бет бұрған. Екі жыл бұрын мазхабтың не екенін, таухидті білмейтінмін.
- Спротпен айналысқанымда, менің жеткен жетістіктеріме ата-анам менімен мақтансын, қуансын дейтінмін. Маған сүйікті спортпен сынақ болды. Көз тию де болды. Ауруханаға да жаттым. Мектепте сабақ барысында орамал тағуға болады, ал, дәлізде шешіп жүру керек дейтін. Бірақ, мен бәрібір ормалымды шешкен жоқпын. Мен ол кезде небәрі 7 сыныпта оқитынмын. Мен өз таңдауымды жасадым. Таңдауым хиджаб болды. Не ары қарай оқу керек, не болмаса хиджабты шешу керек деген таңдау болды. Ата-анам әлі кішкетайсың деп маған қолдау білдірген. Бірақ, мен хиджабты шешсем, тыр-жалаңаш қалатындай сезімде болдым, деп басынан өткен жайттармен бөлісті, деді діні үшін спорттан бас тартқан Раяна.
Әлем чемпионатынан кейін көптеген сұхбаттар алды, әкімдер қабылдады, кездеслер болды. Кейін сәл тынышталғаннан кейін іштей өзімді бірнәсені жоғалтып алағандай, бірдеңеден алыстап кеткендей сезіндім.Бірде көңілсіз болып жүріп, коньки теуіп жүріп құладым. Жарақат алдым. Сосын екі аядан кейін жаттығуда ауырсындым. Тексерлу кезінде ота жасау керек болды. Сонда ғана мен өзі көз тигенін түсіндім.
Айта кетейік, оралдық Раяна Ақдәулетова Қазақстанның үш дүркін әлем чемпионаты болған.