Мүлікті заңдастыруға арыздар 2015 жылдың 30-қарашасына дейін қабылданбақ

" Мүлікті заңдастыруға арыздар 2015 жылдың 30-қарашасына дейін қабылданбақ, ал ақшаны заңдастыруға арыздар 2015 жылдың 31-желтоқсанына дейін. Бір ай мерзім мүлік бойынша арызды қарау үшін көзделген", деді А.Теңгебаев Астанада бейсенбіде орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Алдында белгілі болғандай, Қазақстанда 1-қыркүйек күні мүлікті заңдастыру жөніндегі акция басталған, ол 2015 жылдың 31-желтоқсанына дейін созылмақ.

А.Теңгебаевтың айтуынша, аудандық және қалалық әкімшіліктердің жанынан ондай комиссиялар құрылып, жұмыс істеуде.

"Бұл комиссиялардың жұмысы туралы бүкіл нормативті база құрылған, үкімет қаулылары қабылданған. Шетелдегі мүлікті заңдастыруға келер болсақ, онда салық органдарына хабарласу керек,олар қазір мемлекеттік кіріс органдары деп аталады, онда да комиссиялар құрылған, бүкіл мәселелер шешімін тапқан", деді вице-министр.

Вице-министр еске салып өткендей, 2017 жылдан бастап Қазақстанда табысқа қатысты жалпыға ортақ декларациялау енгізілмек.


Қазақстанда заңдастыру елдің экономикалық айналымына қосымша қаржы мен мүлікті тарту мақсатында жүргізіліп отыр.

Қазақстан қаржы министрлігінің бағалауына қарағанда, алдағы капиталды амнистиялау барысында 10-12 млрд доллар заңдастырылуы ықтимал.