Мумбай қаласында өтетін Халықаралық опера өнері фестиваліне Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының хор капелласы қатысады


Концерттер Джамшед Баба/Тата театрында өтеді. Қазақ әртістері ТМД елдері әншілері арасында өткен байқауда үздік шығып, Мумбайға шақырылды. Капелла осы шараға арнайы 3 шығарма дайындады. Олар Леонкаваллоның «Паяцы», П. Масканидің «Сельская честь», Карл Орфтың «Кармина Бурана» шығармалары. Капелланы аталған фестивальге дайындау мақсатында Италиядан арнайы шақырылған белгілі музыкант Диего Мингола шеберлік сабақтарын өткізді. Мумбайда өтетін фестивальге қазақстандықтардан басқа бірнеше шетелдік әртістер қатысады.