Караоке байқауды мүгедектігі бар әйелдердің «Шырақ» қауымдастығы Ерлан Көкеевтің «Ретро Шлягер» мейрамхана-клубының қолдауымен ұйымдастыруда. Оған 30 әйел қатысады.
Байқау 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылуда. Бұл күннің көптеген атаулары бар: көктем, махаббат, сұлулық мерекесі. 8 наурыз күні барлық әйелдер ерекше әдемі және мейірімді болуға тырысады.
Ойын-сауық іс-шарасының соңында «Ретро Шлягер» клубы барлық қатысушыға арнап дастархан жаяды, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ байқау қатысушыларына арнап Қазақстан эстрадасының жұлдыздары - Айжан Нұрмағанбетова, Карина Абдулина және Фархат Ескенеев ән шырқайтын болады.