Мұнай бағасы қайта қымбаттап жатыр 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнай бағасы аптаның басында өсті. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздердің жақын арада қайта басталуына деген үміттің әлсіреуі және Ормуз бұғазы арқылы теңіз тасымалының күрт баяулауы себеп болды.