Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Нарық қатысушылары Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімі қайта жандана ма, сондай-ақ аймақтағы геосаяси шиеленіс бәсеңдей ме деген белгілерді жіті бақылап отыр. Бұған дейін Иранның шабуылдарына қарамастан, бұғаз арқылы бірнеше кеме қауіпсіз өткендігі туралы ақпарат мұнай бағасының уақытша төмендеуіне әсер еткен еді.

Сонымен қатар, Азия қор нарықтары сейсенбі күні аз өсіммен ашылды. Nikkei 225 индексі 0,25%-ға, ал Kospi индексі 2,5%-дан астамға көтерілді. Бұл елдердің экономикасы Парсы шығанағындағы мұнай жеткізіліміне тәуелді.

Технологиялық секторда да өсім байқалды. NVIDIA компаниясының болашақта триллион долларлық сатылымға жетуі мүмкін деген болжамы инвесторлардың қызығушылығын арттырды.