Мұнай бағасы төмендеді

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен сағат 08:27-дегі жағдай бойынша 2,91 пайызға төмендеп, барреліне 71,72 долларға дейін төмендеді.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 3,49 пайызға төмендеп, барреліне 69,92 доллар болды

Автор: Caravan.kz