Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:30-дағы жағдай бойынша 2,56 пайызға төмендеп, барреліне 73,24 долларға дейін арзандады.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 2,85 пайызға төмендеп, барреліне 69,21 доллар болады.