Мұнай арзандап жатыр


Бұған әлемдік нарықтағы ұсыныстың молдығы мен АҚШ-тағы мұнай қорының көбеюі түрткі болып отыр, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының ақпан айына арналған фьючерстері 0,09 долларға арзандап, бір баррелі 46,5 долларға бағаланды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,17 долларға төмендеп, бір баррелі 45,72 долларға сатылды.
Аталған мұнай маркалары соңғы бес-валты жылда осынша төмен бағаға сатылып көрген емес."