Атап айтқанда, топ мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік теңіздің Brent мұнайына жасалған тамыз айының келісімшарты Лондонның Inter Continental Exchangе биржасында $3,59 қымбаттап, 1 баррелі $144,26 тең болды. Сол секілді Техасстың WTI маркалы жеңіл мұнайына жасалған фьючерстік келісімшарт Нью-Йорктың NYMEX тауар биржасында $2,60 жоғарылап, барреліне $143,57 дейін көтерілді.