Мұнай бағасы тағы да арзандады

Ал таңғы 03:00 де Лондон қор биржасында шикізат құны 23 желтоқсаннан бергі минимумға дейін арзандап, барреліне 54,78 долларға бағаланды.

Нәтижесінде, бүгін KASE-нің таңғы сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 332,64-ке дейін қымбаттады.

Ал кеше кешкі сессия қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 331,14 теңге болған еді.


Естеріңізге сала кетейік, осы аптада мұнай бағасы 57 долларға дейін жақындап, теңгенің бағамы 330-ға дейін түскен еді.