Бұл туралы бейсенбідегі «тікелей желі» барысында Ресей президенті Владимир Путин мәлім етті.
В.Путин АҚШ Ресейге ықпал ету құралдарының бірі ретінде әлемдік мұнай бағасын төмендетуі мүмкін деген мәселеге қатысты былай деді: «Бүгінде АҚШ сланецті газ бен мұнай өндірісін дамытып отыр. Бұл жобалардың пайдасы шаш-етектен - өте қымбат жобалар. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасын төмендететін болса, ол жобалар рентабельділіктен мүлдем айырылуы мүмкін. Яғни, енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан сала тумай жатып, өліп қалуы мүмкін».
«Сонымен қатар, тағы бір мәселе – әлдемдік нарықта мұнай саудасы доллармен жүргізіледі. Баға түссе долларға деген сұраныс та төмендейді. Сөйтіп, доллар әлемдік валюта мәртебесінен айырылады», - деді В.Путин.