Мұнай бағасының түсуі бюджетті қайта қарауға мәжбүрледі

Әлемдік нарықта мұнайдың баррелі қазір 84 доллардан сатылып жатыр. Сарапшылар баға әлі төмендейді деп болжайды. Бұл бірінші кезекте мұнай мен газға тәуелді елдер үшін ауыр соққы. Алыс-беріс пен ішкі сауданың саябырси бастағаны қазірдің өзінде байқалады. Дегенмен Үкімет  мұнай 60 долларға дейін түссе де, жоспарымыз дайын деп сенімді отыр. Белгілі қаржыгер Болат Жәмішов болса аяқасты мұнай бағасына орай бюджет қайта  қарау асығыстық деген пікірде.


Болат Жәмішов, «Қазақстан Даму Банкі» Басқарма төрағасы:

-Мұнай бағасының түсуі әрине алдымен бюджетке әсер етеді. Және экомиканың өзге салаларына да айтарлық залалын келтіруі мүмкін. Алайда бюджет қайта  қаралады деп айта алмаймын. Жалпы мұнайдан табылатын барлық пайда Ұлттық қорға түсетіндіктен шешімде аяқасты емес, белгілі сараптаудан соң қабылданады.