Мұнай баррелінің бағасы $100 деңгейіне тоқтаса, жыл соңында Қазақстанда мұнай өнімдерінің құны қатты өзгермейді

"Егер мұнай баррелі $100 маңында тоқталатын болса, онда жыл аяғына дейін ҚР мұнай өнімдерінің құны қатты көтерілмеуі керек, әзірге оның себебі де жоқ ", - деді Қ. Қайпиев.

Оның айтуы бойыншы, "сыртқы нарықта мұнай құнының өсуі Қазақстанға айтарлықтай әсерін тигізеді. Өйткені, біз әлемдік мұнай және мұнай өнімдері жүйесінде жұмыс істейміз".

ЭМРМ өкілі атап өткеніндей, "Болжам айту қиын нәрсе, өйткені бүгінде қара алтын бағасы $100 маңында. Ал ертең саясаткерлер Иранда қордаланған мәселені шешуі мүмкін. Сондай-ақ, жуырда бразилиялықтар жаңа ірі кен орнын тауып алдық деп мәлімдеді. Енді олар қор жағынан алдыңғы орындардың бірін алса, жағдай мүлдем өзгеруі ықтимал".

"Сондықтан менің ойымша, әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт шарықтамаса, біздің елде де бағалар қатты өзгермейді", - деді ол.

"Ал егер қара алтынның қазіргі бағасы сол күйінде қалып, мұнай өнімдерінің бағасы көтерілсе, онда баға жағынан алдын ала ымыраласудың болғанын болжауға болады", - деп ескертті Қ. Қайпиев.

Жуырда БАҚ елдің оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарында бағаның көтерілгені жөнінде ақпарат жариялады. ЭМРМ өкілінің айтуынша, ""Гелиос", ҚМГ СҮ, "ПетроҚазақстан" сияқты ірі компаниялардың бағалары қатты өспеген".

"80 жанармай бағасының литрі 80 теңге дегенде мен таң қалдым. Мәселен,"Гелиоста" ондай жанар-жағар майдың литрін 73 теңгеден сатылады, ал ҚМГ Сауда Үйінің бағасы одан да төмен ", -деп мәлімдеді Қ. Қайпиев.

Журналистердің сауалдарына жауап берген Қ . Қайпиев ірі компаниялардың жанар-жағар май бекеттерінде, мұнай өнімдері "талонмен сатылып отырған жайының бар екенін" атап өтті.

Қ.Қайпиевтің айтуыша, республикада мұнай өнімдерінің қор деңгейі жеткізілікті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті