Мұнай баррелінің бағасы 41 доллардан төмендеді


Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы Лондон биржасында 2,6 пайызға кеміп, 40,7 долларды құрады. Ал Техас WTI маркалы мұнай 3,2 пайызға арзандады. Оның бір баррелінің құны 40,16 доллар болды. Мұнайдың арзандауы АҚШ мұнай қорының өсуіне байланысты болып отыр.