Мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысын тексеруші аудитор 25-қарашада айқындалады

В.Школьниктің айтуынша, аудиторлық компания дүниежүзіне танымал төрттіктен іріктеледі.

Бастаманы жүзеге асыру кестесіне сәйкес, жұмыс тобы мен бастамаға біріккен компаниялар таңдап алынған аудиторлық компанияға 2006-жылдың 25-ақпанына дейін өз есептерін тапсыруға тиіс. Қазіргі жағдаймен бастамаға 24 компания бірікті.
Аудиторлық компания өз қорытындысын 2006-жылдың 25-сәуіріне дейін таныстырады.