"Қазір біз қосымша экспорттық баж салығын енгізуге бағытталған есептерді жасап бітіруге таядық. Дегенмен, 2006-жылғы бюджетте қосымша 8 млрд. теңге қарастырылады",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін республика үкіметі "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығарылған мұнай өнімдерінен кедендік баж салығын алу туралы" қаулы қабылдаған.
Бекітілген тәртіптерге сәйкес, мұнай өнімдерінің экспортынан алынатын кедендік баж салығының ставкаларын индустрия және сауда министрлігі әлемдік нарықтағы мұнай шикізатының бағасына қаржы министрлігі жүргізген мониторинг негізінде шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасына негіздеп есептейтін болады.
Атап айтсақ, мониторинг кезеңінде шикі мұнайдың бір тоннасының орташа нарықтық бағасы 138,6 доллар болғанда жағдайда мұнай өнімдерінің экспорты нольдік ставка бойынша іске асырылады. Егер мұнайдың орташа бағасы бір тоннасына 138,6 доллардан асқан жағдайда кедендік баж салығының ставкалары түзету коэфиценттерінің негізінде есептеледі, делінген қаулыда.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті