Мұнай қайта көтеріліп, теңге нығая бастады


Апта басындағы демалыс күндері ОПЕК+ келісімінің күшіне енгенінен бастап қара алтынның құны сәл төмендеп, 55 долларды маңайлаған еді. Кешелі бері Кувейт пен Оманның және Ирактың мұнай өндірісін азайта бастағанын мәлімдегенінен кейін шикізат бағасы қайта көтеріле бастады.

Апта басында мұнай бағасына қарап құбылған теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірнеше аптадан бергі минимумға түсіп, 334-ке дейін барған еді. Дегенмен, бүгін шикізат құнының қайта көтерілуімен ұлттық валюта қайта нығайып, KASE-нің таңғы сессия қорытындысы бойынша бір АҚШ доллары 332,57-ге тең болды.