"Мұнай табысы - халық бақылауына" атты үкіметтік емес ұйымдар коалициясының алғашқы есебінің таныстырылымы өтті

Құжатта 2007 жылдың маусымынан 2008 жылдың ақпаны аралығындағы Қазақстандағы EITI-ді жүзеге асыру үрдісі сараптамадан өткізіледі.

Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтеріне сүйенсек, Deloitte тәуелсіз аудиторлық компаниясының жұмыс нәтижесі бойынша үкімет пен өндіруші компаниялардың есептерінің арасында үлкен ауытқулар сомасы бар. Ол 4 пен 8 млрд теңге аралығында.

"Есептен көретініміз, компаниялар үкімет алатынға қарағанда жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін аз төлеп, үкімет алатынға қарағанда салықты көп төлейді", - деп түсіндірді коалиция өкілі С. Қуаныш.

"Бұл өзі қызық жағдай болып тұр. Өйткені, Deloitte өзінің есебінде тек 1,7 млрд және тағы бірнеше миллион теңге айырманы түсіндірсе, қалған 5 млрды түсіндірусіз қалып отыр", - деп атап көрсетті коалиция өкілі бірінші есептің нәтижелеріне түсінік беріп тұрып.