"Мұнай ұрлығы" ісі бойынша сотталушы өзін "қинағанын" мәлімдеді

Ал жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, "мұнй ұрлау" ісі бойынша сотталушы Қалдымұрат Қартжан тергеуде өзіне қысым жасалғаны мәлімдеген. Сотта прокурор сотталушыларға олардың тергеушілерге берген жауабына қатысты сауалдар қойған.

ҚазАқпараттың хабарлауына қарағанда, сотталушы Қартжан прокурор сауалына жауап беруден бас тартып, тергеуші жауапты өзі жазып беріп, оған қол қоюға мәжбүрлегенін мәлімдеген. "Ол жауапты мен жазған жоқпын, тергеуші жазды. Бұл мәлімет шындыққа сай емес. Мені қинап, азаптап, қорқытып қол қойғызып алды" деген Қалдымұрат Қартжан.

Сотта сөйлеген Юрий Мельниченко Совет одағы құлаған жылдары грек-рим күресіне мемлекет тарапынан мән берілмегенін, сол кезден бастап Еркін Ізбасардың "спортшыларға қаржылай қолдау көрсетіп келе жатқанын" айтқан.

Сонымен қатар, Еркін Ізбасарды қолдау үшін сотқа Ресейдің Дағыстан республикасының спортшылары өз орталарынан өкіл етіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Гадисовті тағы да жіберген. Ол Дағыстан спортшылары қол қойған талап-арызын ала келген. Талап-арызда дағыстандық спортшылар соттан Еркін Ізбасардың еркін күрестен халықаралық дәрежедегі еңбегін ескеруді сұрайды. Тимур Гадисов Ақтөбеге 28 наурыз күні келіп, сот жасырын куәлардың тыңдалуына орай жабық қарала бастағандықтан Дағыстанға ұшып кеткен еді.

Ақтөбеде "мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ" деген күдікпен ұсталған 26 адамның ісі бойынша сот процесі желтоқсанның 5-і күні басталған. "Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың" соты 28 наурыздан бастап, бүгінге дейін жабық түрде қаралды. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі осы аралықта 13 жасырын куәнің тыңдалғанын айтады.


"Қылмыстық топқа жетекшілік еткен" бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасар тергеу Қылмыстық кодекстің 13 түрлі бабы бойынша айыпталып отыр. Сотталушылардың 17-сі тергеу изоляторында, ал 9-ы ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүр. Сотталушылар арасында облыстық ішкі істер департаменті басшысының бұрынғы орынбасары да бар.

 

Оқи отырыңыз:

Альмира Тұрсынның "Томирис" түсірілімінде ат үстінде отырған видеосы Қазнетті ду күлдірді

Ауыратлет зілтемірді көтеремін деп есінен танып қалды

Төсек қатынасы немесе Ақпарат министрлігі халықты қоздыру үшін тендер бөлген бе