Бұл ұсыныс Мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитеті отырысында қаралды.
Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев журналистерге: «Мұнай және газ министрлігінің халықты автокөлітерін газға көшіруге шақыру туралы бастамасын талқыладық. Бұл бәріміз үшін тиімді болар еді. Қазір бізде газ саласында профицит байқалып жүр, оның бағасы да бензинге қарағанда екі есе арзан», - деп мәлімдеді.
«Өткен аптада біз жанар-жағармай құю компанияларымен еліміздің солтүстігінде, Астана қаласында көліктерге газ толтыратын моноблоктар орнату туралы меморандум бекіттік», - деді вице-министр.