Brent Crude Oil маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының сәуір айындағы фьючерстік бағасы 0,92 долларға - 108,08 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы жеңіл мұнайдың бағасы 1,46 долларға - бір баррель үшін 101,12 долларға дейін төмендеді.
Сенбі күні ҚХР-дың бас кедендік басқармасы Қытайдың сыртқы саудасы бойынша жаңа мәліметтерді жариялады. Сыртқы сауда балансындағы тапшылық ақпанда 23 миллиард долларды құраған, ол профицитті 12 миллиард долларға дейін болжаған көптеген сарапшылар үшін бұл күтпеген жағдай болды.
Қытай экспортының көлемі ақпанда жылдық үлесте 18,1 пайызға қысқарып, 114,1 миллиард долларды құрады. Ақпанда экспорттың төмендеуіне БКБ Қытайдағы Көктем мерекесінің аталып өтуі басты себеп болған.
Осыған байланысты сарапшылар қытай экономикасының толық жағдайын бағамдау үшін наурыз айына арналған мәліметтер қажет екенін айтады.
Ақпан айында қытай экспортының күрт төмендеуі әлемдік экономиканың өсу қарқыны біртіндеп бәсеңдеп келеді деген қауіп туғызуда», - деп атап өтті Commerzbank сарапшысы Карстен Фритш.