Атап айтар болсақ, Лондонның Inter Continental Exchangе биржасында Солтүстік теңіздің Brent маркасындағы мұнайына жасалған тамыз айының келісімшарты барреліне 2,13 АҚШ долларына арзандап, 134,33 долларды құрады. Ал тамыз айында жеткізілетін Техасстың WTI маркалы жеңіл мұнайына жасалған фьючерстік келісімшарт Нью-Йорктың NYMEX тауар биржасындағы бағасы 2,46 АҚШ долларына төмендеп, барреліне 134,55 АҚШ долларына тең болды.