Лондонның InterContinental Exchange биржасында маусым айындағы келісім шартындағы солтүстік теңіз мұнайының бір баррель $4,06 жоғарлап $114,56 құрады. Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында келісім шарт бойынша маусым айында жеткізілетін техастың WTI жеңіл мұнайының баррель бағасы $3,80 көтеріліп $116,32 құрады.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, "Солтүстік Ирактағы күрд жұмысшылар партиясына қарсы түріктердің әуе әскери күштерінің әскери іс қимылдары туралы ақпарат 1 мамырда мұнай нарығындағы бағалардың көтерілуіне әсерін тигізді". "Негізі мұндай жағдайлар алыпсатарлар үшін қара алтын бағасын көтеруге түрткі болады", деп санайды мұнай нарығының сарапшылары.
Сонымен қатар, "ОМТ-Консалт" мәліметтері бойынша, жұмада Ресейде мұнайды шығару көлемі азайтылады деп жарияланған ақпарат мұнай нарығына әсерін тигізді. "Ресейде мұнай өндіру көлемі қайта төмендеп, 18 ай ішінде ең төменге деңгейге жетті . Жылдық есеп-қисап бойынша оның өнімі 0,8 пайызға төмендеп, тәулігіне 9,72 млн баррель шығарылады. Сөйтіп, сәуірде мұнай өндіру көлемі 2008 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 0,4 % азайды", - деп айтылған хабарламада.