Мұнайға бай Батыста әлі бензин тапшы

Шахар Қуаныш, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Үш күн болды газ да жоқ. Күнде тұрамыз жақындағанда талон дейді. Сағат оннан бастап тұрмыз.

Ақтаудағы газ жалғыз орталықтан ғана сатылуда. Оның өзінде тек талонмен береді. Қазір мұндағы кезек бірнеше шақырымға жеткен. Ал газ сататын өзге орталықтар болса бағаны екі есеге арттырып жіберіпті. Онымен қоса Аи-95 маркалы бензин мүлдем сатылмайды. Ал ақтөбелік шенеуніктер өңірдегі АИ-92-ге тапшылық уақытша деп отыр. Себебі жанармай тасымалдауға құзырлы орындардан рұқсат алған 12 компанияның әзірге үшеуі ғана келісім-шарт жасасыпты. Сондықтан олар тиісті мөлшерде жеткізіп үлгермей жатыр.

Асқар Көкеев, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:   

- Жұрт даурығып жатыр. Бірақ талонсыз сатқызуға барымызды саламыз.