Мұнайшылар жаппай астан ұшынды


Оларға гастроэнтерит, ішек жұқпасы деген диагноз қойылды. Астан ұшынғандардың алды дәрігер көмегіне 8-ші ақпан күні жүгініпті. Барлығы – мұнай кен орнында жұмыс істейтін құрылыс компаниясының жұмысшылары. Асханадан түстенгеннен кейін олардың қызуы көтеріліп құса бастаған. Сол күні жұмысшылар қарақұмық пен тауық етін жеген. Қазір емделушілердің жағдайы жақсы, апта аяғында ауруханадан шығады. Ал, СЭС мамандары жаппай ұшыну себебін әзірге анықтай алған жоқ.