Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай жас ақындар мүшайрасы өтеді

Аталмыш шараға Астана қаласы Тілдерді дамыту департаментінің басшысы Оразгүл Асанғазықызы мен еліміздің атақты ақын-жазушылары қатысады деп күтілуде.

Ақынның бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, рухы биік, таланты тегеурінді біртума тұлғаның биік рухына тағзым ету мақсатымен, сондай-ақ жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтың дарынын танып, талабын шыңдау мақсатында қолға алынған бұл игі шараға 17-25 аралығындағы қарымды жас өнерпаздар қатыспақ.

Дүбірлі доданың алғашқы үш орнын иеленген жеңімпаздарға сәйкесінше ақшалай жүлделер тағайындалған.