«Мұқағали ағамыздың өз қолымен жазған Мұхтар Әуезовке арнаған өлеңі бар екен. Сондай-ақ Дантенің «Тәңір тәлкегі» деген шығармасының аудармасына байланысты ойлары туралы жазбасын тауып алдым. Мен олардың қолжазбасының көшірмесін бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің қорына тапсыруға әкелдім», - дейді Мұхтар Әуезов қорының президенті Мұрат Әуезов. М.Мұхтарұлының айтуынша, бұл болашақ зерттеушілер үшін қажет. Өйткені Мұқағали Мақатаев өз қолымен жазған бұл қолжазбасында - «ұлы дастанның орыс тіліндегі аудармасы жолма-жол жасалғандай сияқтанады да тұрады. Поэзиялық шығарманы аударуда ең бастысы ойға көңіл бөлуді ойлаған жөн ғой деймін», дегенді айтады.