Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасап  Caravan.kz медиа порталы хабарлады. 

Бектанов Мұрат Кәрібайұлы Қорғаныс министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

"Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметін атқарды.