Мұрат Мұтырғанов орыс қызына үйленді

Атышулы сайқымазақ жігіт өзінің өмірлік серігі етіп орыс қызын таңдапты. 

Осылайша неке жүзігін ұзақ ойланып барып әрең таққан «Мутурганчик» ақыры отағасы атанды. Танымал әртістің таңдауы орыс қызы Алеся Тимошенкоға түскен. Көпшілікті таңғалдырған тойда беташар рәсімі де жасалды. Жаңа түскен келін иіліп сәлем салып қана қоймай, күйеу жігіттің көңілін табу үшін биік өкшеден де бас тартыпты. Қалыңдық қарға бойлы Мұратты ұялтпайын десе керек, әдеттегідей туфли емес, ақ көйлекпен кәдімгі жайпақ табан аяқкиім киіп шыққан. Бақыттан басы айналған «Мутурганчик» жақын күндері өзі жаңа цирк ашып, онда әйелімен бірге өнер көрсететінін жеткізді. Былтыр ғана Қазақ мемлекеттік циркінде айқай шығып, онда басшылық қызметін атқарған Мұтырғановты өз әріптестері жабылып, жұмыстан қуған болатын. Қазір цирк әртісі хайуанаттар бағында даму бөлімін басқарып отыр.