Мұрат Оспанов санаулы күнде сот алдында жауап береді


Осыдан үш ай бұрын қаржы полициясы Оспановтың қолына кісен салған. Экс-шенеунік «қызметтік бабын пайдаланып, 300 мың доллар пара алды» деп айыпталуда. Оспанов бұл қаржыға ірі монополист-компанияның нарықтағы бар қызығушылығын қорғаймын деп уәде берген екен. Жуырда тергеу изоляторында жатқан Оспанов қашып кетпек болды деген ақпарат тараған болатын. Кейін адвокаты мен тусытары: « қаржы полициясының қызметкерлері атқамінерді ұрып-соқты» деп шу шығарған-ды.  Енді мұның бәрі жақында басталатын сотта сараланбақ.