Бүгін куәгер ретінде Оспановтың кезінде орынбасары болған, ал қазір Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупадан жауап алынды. Бұрынғы басшысын жақтап сөйлеген ол, тарифті есептеу оның шаруасы емес деп салды. Бірақ, тергеу материалына сүйенсек, Оспановқа электр энергиясының құнын көтеру үшін «Атырау Жарық» компаниясынан 300 мың доллар пара алды деген айып тағылып отыр. Алайда, Табиғи монополияларды реттеу агенттінің экс-төрағасы өзіне шаң жуытар емес. Айтуынша, мол ақшаны жақын кәсіпкер досынан ұлының үйлену тойын жасау үшін қарызға алған көрінеді.
Loading...