Мұрат Оспановтың соты қараша айына белгіленді


Жабық есік жағдайында өткен тыңдауда Оспановтың соты 11-ші қарашада басталатын боп шешілді. Ондаған томға арқау болған шулы істі шенеуніктерге ұзақ мерзім кесумен аты шыққан судья Ербол Рақымбеков қарамақ. Ол жақында ғана Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраевқа 10 жыл кескен еді. Ал Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасына, 300 мың доллар пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл ақшаға атқамінер әлдебір компанияның мүддесін қорғауға уәде еткен. Кейін Мұрат Оспанов бұл соманы ұлының үйлену тойына деп кәсіпкер досынан қарызға алғанын айтып ақталғаны есте. Қазір қамауда отырған ол, тіпті қарауыл күзетінен қашып кетпек те болды. Кейін мені аяусыз ұрып-соқты деп талай  арызданған. Алайда, онысы сол күйі дәлелденген жоқ.