Мұрат Телібеков Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Айналайын Ардақ!

Парламент отырысында анаңа туған күнмен құттықтау сөзін жария түрде айтқаның қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Әрине, анаға деген мұншалықты құрметің құрметтеуге тұрарлық. Бұл – мақтауға лайық іс. Дегенмен, сенің қателігің мынада.

Парламент мінберін мұндай мақсатқа пайдалануға болмайды. Мұнда мемлекеттік деңгейдегі мәселелер қаралады; сондықтан жеке отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз. Елестетіп көр: егер барлық 148 депутат жұмыс отырысында өздерінің әке-шешесін, әйелін, күйеуін, балаларын туған күнімен құттықтай бастаса, онда тікелей міндеттерін орындауға уақыттары жетпей қалады.

Осы жағдайда сенің халықтан кешірім сұрағаның жөн болар еді. Бұл – даналық пен парасаттылықтың белгісі болмақ", - деп жазды қоғам қайраткері.