Мурманск облысында қаралы күн жарияланды

Бұл күні облыста РФ тулары түсіріліп, телеарналардан ойын-сауық бағдарламаларын көрсетуге тыйым салынады. Ел тікұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұтады, деп жазады  ИТАР-ТАСС.

Соңғы ақпараттар бойынша, Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болған 9 адамның денесі табылды. Онда барлығы 18 адам болған: 5-еуі экипаж мүшелері,  13-і жолаушылар. Олардың тек 2-еуі тірі қалған. Қалғандары аман қалмады деген болжам айтылуда. Енді 7 адамның сүйегі іздестірілу үстінде.

Денесі табылған 9 адамның 5-еуінің кім екені анықталған. Олардың бірі "Апатит" компаниясының директоры болып шықты.