- Кездесуге дайынсыз ба?
- Дені сау адамдармен «ИӘ»
- Ауру адамдармен «ЖОҚ»
Ғарышкердің бұл сөзі тағы үлкен дауға қалатын түрі бар. Ашық текетіреске көшкен «Антигептил» қозғалысының мүшелері алған бетінен қайтпақ емес. Осымен екінші апта Ұлттық ғарыш агенттігінің алдында кезектесіп бір-бірден наразылығын жалғастырып жатыр. Тіпті бір белсенді Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырған болатын. Ғарышкер оны бұзақыға теңеді. Ал Байқоңырдан улы гептилмен ұшырылатын «Протонға» түбейгейлі тиым салуды талап етушілер жалғыз адамдық акция "митингкке жатпайды" деп есептейді. Бірақ прокурорлар олай ойламайды. Қарсылық білдірушілер плакатын ашқан бойда полицияға ұстатып жіберуде. Заңсыз шеру ұйымдастырғаны үшін сот оларға кемі 40 мың теңгеден айыппұл салған. Ғарышқа қосқан үлесім зор деген Мұсабаевтың өзі, «Протонға» тыйым салсақ, Байқоңыр «қаңырап қалады» деп отыр.