Мұсабаев: ХҒС-на қазақстандық ғарышкердің ұшыруға мүмкіндік бар

Алайда оның нақты қай кезде болатынын дөп басып айту қиын. Қазғарыш агенттігі басшысы Талғат Мұсабаев осылай деп мәлімдеді.

«Әрине, мүмкіндік бар. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Бірақ, оның нақты қай кезде болатынын дөп басып айту қиын», - деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.

Т.Мұсабаев өткен жылы Бейжіңде өткен 64-ші халықаралық астронавтика конгресінде бұл мәселені көтергенін көрінеді. «Қытай ұлттық ғарыш әкімшілігі жетекшісі Ма Синжуймен кездестім. Сонда көптеген мәселелерде ынтымақтастық орнату міселесін, соның ішінде, біздің ғарышкерлерімізді даярлау, Қытай ғарыш кемелерімен ұшыру мәселелері де талқыланды», - деді ол.

Агенттік төрағасының айтуынша, қытай жағы бұл ұсынысты жақсы қабылдаған. «Бұл әлі піспеген әңгіме. Біз арнайы жұмыс топтарын құру туралы келістік. Қазір ондай топтар Қазақстан жағында да, Қытай жағында да жұмыс істеп жатыр. Олар осы мәселені қарастыруға кірісті», - деп түсіндірді Т.Мұсабаев.