Мушаррафқа 2007 жылы конституцияның күшін тоқтатып, Жоғарғы соттың судьяларын қамауға алып, елде төтенше жағдай енгізді деген айып тағылуда. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.
Генерал өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді және істің саяси астары бар деп санайды. Судья үкіметке қылмыстық істі 2007 жылы премьер-министр, әділет министрі және жоғарғы судьялардың лауазымын атқарған адамдардың есімдерімен толықтыруды тапсырды.
Сарапшылар күдіктілерді көбейту арқылы генерал Мушарраф өзінің ақталу мүмкіндіктерін арттыруға тырысуда деп санайды.