үкімі 16-қазанда жарияланады. Бұл туралы дүйсенбі күні Астананың қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған аудан аралық сотының судьясы Ербол Рахымбеков хабарлады.
Сотта айыпталушы М.Өмірияев тергеушілердің әрекетіне шағымданды.
«Тергеу пара алды дегенге келтіріп, сол фактіні дәлелдеуге жұмылдырылды (...). Тергеу барысында негізгі куәлерге қысым көрсетілді, (...) маған қарсы түсініктеме бермейінше оларға «пара берді» деген бап бойынша айып тағылды. Олар түсініктемелерін өзгерткеннен кейін ғана бап өзгертіліп, куәлер қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Мұның бәрі іс материалдарында көрсетілген», - деді М.Өмірияев.
«Біәз тергеу барысында куәлердің түсініктемелерін бірнеше рет өзгерткенін, бірқатар фактілердің бір-біріне сәйкес келмейтінін бірнеше мәрте көрсеткен болатынбыз», - деп қосты сотталушы.
М.Өмірияев кәсіпкерлердің бірінен 100 мың доллар мен 6 млн 950 мың теңге пара алды деген айыппен қамауға алынған болатын. Есесіне ол кәсіпкерге аусылға қарсы вакцина сатып алу жөніндегі мемлекеттік конкурста жеңіп шығуға көмектеспек болған көрінеді.
Мемлекеттік айыптаушы экс вице-министрді 12 жылға бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр.