"Біз Қазақстанға президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы сыйлықты табыс ету үшін келдік, сыйлық үздік басқару жүйесі бар, ислам елінің үздік басқарушысына тапсырылады",-деді Гохар Аюб Хан.
Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада көрсетілгендей, "Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі" сыйлығын в 2005 жылы "Pakistan Observer" деп аталатын Пәкістанның ағылшын тіліндегі беделді басылымының редакциялық алқасы әзірлеген. Марапаттау кеңесі мұсылман елдерін шартты алты аймаққа бөлген- Африка, Таяу Шығыс, Кавказ, Орталық Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік Шығыс Азия . Үміткерлерді таңдау барысындағы басты критерийлер : елде нәтижелі экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізу, қоғамда демократиялық үрдістердің дамуы, конфессияаралық төзімділік пен келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттің аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке ерекше үлес қосуы.
Бүгінге дейін "Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі" сыйлығына Алжир президенті Абдельазиз Бутефлик және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ие болған.
Баспасөз хабарламасында ,"Орталық Азия елдері арасынан үміткерлерді таңдағанда редакциялық алқа ұжымы сыйлықты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық реформалар саласындағы үлесі мен әлемнің мұсылман елдері арасында оңтайлы мәміле жүргізуге қосқан үлесі үшін тапсыру туралы шешімге тоқталды",деп көрсетілген.
Сондай-ақ, Елбасы кеше Молдованың экс президенті Петр Лукинскимен кездесті. Ол Қазақстанға жеке сапармен келген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті