Мұсылмандар мен христиандар Құдай үйін бірге қорғайды

Бұл туралы Ummet.kz хабарлады

Камерун республикасында құрылған «Қырағы топ» ел астанасы мен барлық аймақтағы діни нысандар айналасындағы ахуалды бақылаумен айналысады. Олардың басты міндеті – шіркеу немесе мешітке шабуыл қаупі төнсе тез арада полицияға хабар беру.

Осындай мақсаттағы бастама негізінде Камерунда әр жұма күні христиандар мешіттерді, ал жексенбі күндері мұсылмандар жақын маңдағы шіркеулерді күзететін болады.