Сондай-ақ, әлемдегі құдайға сенбейтіндер мен діни ұстанымы жоқ жандардың да саны арта түсетін көрінеді. Ал, Еуропадағы мұсылмандар саны жалпы халықтың 10 пайызынан кем болмайды.
Мұсылмандар санының көптігі жөнінен алғашқы орынға Үндістан тұрақтайтын болады-мыс. Ал, қазіргі кезде АҚШ халқының 75 пайызын христиандар дінін ұстанатындар саны бірнеше онжылдықтан соң 60 пайызға төмендемек.
Болжам нәтижелері аталмыш орталық қызметкерлерінің әлемдегі ірі діндер қазіргі ахуалына, туу және өлім көрсеткіштеріне, жас айырмашылықтарына, миграциялық көші-қон мен өзге дінге өту секілді жайттарды тыңғылықты зерттеуінен кейін жарияланып отыр.