Мұсылмандар саны екі есе жылдам өсуде


20 жылда 35 пайызға өседі. Осыған сәйкес, 2010-жылы мұсылмандар саны 1,6 млрд-ты құраса, 2030-жылы 2,2 млрдқа жетпек. Бұндай демографиялық болжам Колумбия округінің Басқару Орталығы мәлімдемесінде баяндалған.

Болжам бойынша, алдағы жиырма жыл ішінде мұсылмандар саны өзгелерге қарағанда екі есе жылдамдықпен өспек. Жылдық адам өсімі мұсылмандар арасында 1,5 пайыз болса, мұсылман еместер арасында 0,7 пайыз ғана болатын көрінеді, - деп жазады muslim.kz сайты.