Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.
"Бізге мұсылманнан, христианнан, яхудиден қыз алуға болады. Құдайды бір дейтін болса, бірақ құранға күмәнданып тұрса, Наташа, Светланаларды алуға болады. Ал мұсылманның қызы тек қана мұсылманға тұрмысқа шығуы керек. Басқаға шықса, кәпір болады. Оның жаназасы оқылмайды. Қыздарымыз доллар үшін, евро үшін, христиан былай тұрсын, ит жейтін, құрт-құмырсқа жейтін сасықтың астында жатыр. Қыздар түгілі біз де құлқынға сатылып кетеміз. Өзіміздің қазақтың әдемі құда-жекжаттығына ештеңе жетпейді ғой. Қызымызды өзгеге беріп, джип мініп жүргенше, таза, мұсылман жігітке беріп, есекпен жүргенің артық емес пе?" дейді Сансызбай Құрбанұлы.