Мұз астына түсіп кеткен екі жеткіншек құтқарылды - Астана

Бұл туралы елордалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2003 жылы туған балалар жаттығудан келе жатып жолды қысқарту үшін өзен үстімен төте тартпақ болған. Бірақ жұқа мұз жарылып кеткен.

Екі бала мұз астына түсіп кеткен. Осы кезде Астана ішкі істер департаментінің екі қызметкері спорт кешеніне бара жатқан. Балаларды көрісімен олар балаларға көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем балаларды тексеру үшін ауруханаға алып кетті.

Астананың төтенше жағдайлар департаменті көктемгі мұздің қауіпті екенін ескертеді.