Мұз кесектері бөгеп тастау салдарынан Сырдарияның жағалауын су басып кетті

Өзеннің арнасынан асу құбылысы 3 және 4-қаңтарда болды. Бір қуанарлығы, елді мекендерге судан қауіп төніп тұрған жоқ. Жалағаш ауданының "Қорғанша" учаскесінде сең түзілді. Соның салдарынан коллектордың шлюзы орнатылған тұсты су алып кетті. Бөгеттің 8-10 метрін су шайып, жалпы 23 шаршы шақырым аумақты су алып кетті. Күріш егетін алқапты да жартылай су алып кетті. Қармақшы ауданында 20,5 шаршы шақырымды, Сырдария ауданында 4 шаршы шақырым аумақ су астында қалды.

Қазір ол жерлерде төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының топтары жұмыс істеп жатыр.