"Барки Точик" энергетикалық холдинг қызметкерлері тікұшақпен Тәжікстан тауларының үстінен ұшып, жағдайға талдау жасаған. Нәтижесінде тауда қар қалмағаны белгілі болды, деп хабарлады журналистерге энергохолдинг төрағасының орынбасары Угулой Ходжаева.
"Біздің ендігі бар үмітіміз ауа температурасының 45 градустан әріқарай жоғарылауы болып отыр. Ол мұздықтарды ерітіп, Нурек су қоймасын жылу маусымының басына дейін толтырады", - деп атап көрсетті ол. "Барки Точик" мәліметтеріне сүйенсек, елдегі ең ірі Нурек су электр станциясының суқоймасы былтыр 17 қыркүйекте толған. Ал қазіргі күні қажетті деңгейге дейін 20 метр жетпей отыр.