Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай Музейдің кітапхана қоры қазақ және орыс тілдерінде басылған «Әлихан Бөкейхан. Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі» кітап-альбомымен толықты.
Ауқымды деректі-тарихи басылым көрнекті саяси, қоғам және мәдениет қайраткері, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, ғалым, публицист және Алаш Орда үкіметінің басшысына арналған.
Кітаптың ерекше құндылығы ғылыми нақтылық пен бай иллюстрациялық материалдың үйлесімді ұштасуында. Басылымға сирек кездесетін архивтік құжаттар мен фотосуреттер енгізілген, олардың көпшілігі алғаш рет жарияланып отыр немесе ұзақ уақыт бойы қалың оқырман қауымға беймәлім болып келді.
Кітап беттерінде Әлихан Бөкейхановтың білім беру, ғылым, экономика және ұлттық мемлекеттілікті дамытуға қатысты көзқарастары жан-жақты ашып көрсетілген. Бұл оның қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуына қосқан үлесін тереңірек түсінуге және бай зияткерлік мұрасын келер ұрпаққа сақтауға мүмкіндік береді.