МузТВ сыйлығы алғаш рет Астанада табыс етіледі

«Біз ағымдағы жылы «МУЗ ТВ 2015-гравитация» сыйлығы Қазақстанда, Астана қаласында өтетіндігіне қуаныштымыз», - деді брифинг барысында МузТВ телеарнасының жүргізушісі Артем Шалимов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, музыкалық шоу бесінші маусым күні «Астана-Арена» стадионында өтетін болады. Шоуды  35 мыңнан астам адамның тамашалайтындығы жоспарлануда.

«Біз алғаш рет көрермен залына осыншама көлемде адамдарды жинайтын боламыз және мен көрсетілетін шоу барлығының да көңілінен шығатындығына сенімдімін», - деді ол.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, бұл шоуды жүз миллионнан астам адам  «Қазақстан», «МузТВ» және басқа да ресейлік федералды, ұлттық телеарналар арқылы тамашалайтын болады. Шоуға Ресей мен Қазақстанның өнер жұлдыздары қатысады.