Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «МузТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров мәлім етті.
Оның атап өтуінше, МузТВ сыйлығын табыс ету күнінен бір күн бұрын, яғни 4 маусымда қазақстандық және ресейлік өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтетін болады.
«Біз бүгінгі таңда кемінде 25 ресейлік, 25 қазақстандық әртіс өнер көрсететіндігін жоспарлап отырмыз. Концерт тегін болады», - деді ол.
А.Дәулетияровтың айтуынша, шоуды Лера Кудрявцева, Максим Галкин және Ксения Собчак жүргізетін болады. Ал төртінші жүргізушінің есімі әзірше құпия сақталмақ.
«Біз келіссөздер жүргізудеміз. Хэд-лайнер есімі наурыз айының соңында жария етілетін болады», - деді А.Дәулетияров.
МузТВ телеарнасы «Қазақстанның үздік әртісі» арнайы сыйлығын бекітті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған телеарнаның бас директоры Арман Дәулетияров мәлім етті.
«Ағымдағы жылы Қазақстанда өтетін МузТВ сыйлығы үшін телеарна арнайы аталым тағайындау туралы шешім қабылдады. Ол «Қазақстанның үздік әртісі» деп аталады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, МузТВ сыйлығы тарихында мұндай жайт алғаш рет орын алуда.
«Демек, Қазақстан тұрғындары дауыс беру рәсіміне қатысып, жылдың үздік әртісіне таңдау жасай алады. Дауыс беру рәсімі Ресейдегідей болады. Біз медиа-бизнестің, шоу-бизнестің көрнекті қайраткерлеріне үміткерлерді жібереміз. Ал олар халықтық дауыс беруге іріктеп алатын болады. Олар бір ай ішінде 5 үміткерді іріктеп алады. Дауыс беру «Қазақстан» телеарнасы арқылы жүргізіледі және жеңімпаз жүлдеге ие болады», - деді А.Дәулетияров.
Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, МузТВ сыйлығын табыс ету шоуында ресейлік әртістер қазақ музыкасының сүйемелдеуімен «қызыл кілеммен» жүріп өтеді.
Айта кетерлігі, МузТВ сыйлығын табыс ету шоуы 5 маусым күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Одан бір күн 25 қазақстандық, 25 ресейлік өнер жұлдызының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.